Құқық

ҚАЖД мекемесінде мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты жиын өтті

The final spritzer

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД мекемелерінде мемлекеттік гимнді бір уақытта орындау бойынша патриоттық акция өткізілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, жеке құрам қызметкерлерінің патриоттық сезімдерін нығайту және құқық қорғау қызметкерлері арасында бірлік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Бұл күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты барлық бөліністердің, соның ішінде өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты мекемелердің де қызметкерлері сап түзеп, мемлекеттік туға құрмет көрсетті. Сондай-ақ олар бір мезгілде мемлекеттік Әнұранды орындады.

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Осы себепті, мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні осы жылдың 11 желтоқсанында бекітілді.