Қоғам

ҚАЖ департаменті Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

The final spritzer

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Іс-шара барысында қызметкерлер Мемлекеттік Туды көтеріп, Әнұранды хормен орындады. Бұл күн – халқымыздың бірегейлігін, егемендігін және тәуелсіздігін бейнелейтін маңызды мерекелердің бірі болып табылады.

Департамент бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік рәміздердің мән-маңызын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер адал еңбегі мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара жастарға патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздер – бұл Ту, Елтаңба және Әнұран. Олар – еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығын және болашаққа деген сенімін білдіретін қасиетті белгілер.