Батагөйлер байқауы Қордайда өтеді

Қазақта «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас» деген нақыл сөздер бар. Қазақ халқында батаның орны бөлек. Жасы ұлғайған ақсақалдар ұрпағына, немере шөбересіне бата беріп отырғаны қандай жарасымды. Алайда, қазір ақ тілегін батамен бере алатын аталар азайды. Бұл мәселе қоғамда талқыға түсіп жатыр. Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер алқасы бірнеше жылдан бері «Батамен ел көгерер» атты облыстық байқауды дәстүрлі түрде өткізіп келеді.
2025 жылдың 20 сәуірінен бастап байқаудың қалалық және аудандық кезеңдері өткізілді. Әр қала мен ауданнан жеңімпаз облыстық кезеңге жіберілді. Ол туралы облыстық билер алқасына, яғни, ұйымдастырушы тарапқа ақпарат жолданған. «Батамен ел көгерер» батагөйлер байқауының облыстық кезеңі 18 маусымда Қордай ауданында Өтеген батыр атындағы мәдениет үйінде өтеді. Біз осы орайда облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер алқасының төрағасы Оңласын Есіркеповты сөзге тартқан едік.
Аталған байқауды ұйымдастыруда облыстық ардагерлер кеңесінің жанындағы билер кеңесінің үлесі үлкен.
Есет ДОСАЛЫ