Жаңалықтар

Сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ

The final spritzer

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Зербұлақ» демалыс кешенінде кең ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Өңір басшысы барша жамбылдық бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Шара барысында балалардың көңілін көтеріп, өнері мен дарынын дамытуға бағытталған түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен шығармашылық көріністер ұйымдастырылды. Кішкентай қатысушыларға шаттық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған бұл күн жарқын әсерлерге толы болды.

«Бақытты бала – бақытты ел» тақырыбында өткен мерекелік іс-шара тек облыс орталығында ғана емес, аудандарда да жергілікті биліктің қатысуымен жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара аясында мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, оларға 4 мыңға жуық бала белсене қатысты.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.