Жол сапасының нашарлауында жүк көліктерінің «үлесі» зор

Бүгінгі таңда жол құрылысына, оның сапасына қатысты мәселелер күн тәртібінен түскен емес. Оның үстіне жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан аз да болса үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны тағы анық.
Десе де, осынау жолдарға ауыр жүк көліктерінен келетін залал аз емес. Айталық, дәл қазір Әулиеата өңіріндегі қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда 4 мыңға жуық самосвал көліктер пайдаланылуда. Мамандар салмағы аса ауыр темір тұлпарларды қанша жерден бақылағанмен, ережеге бағынбайтын кейбір жүгенсіз жүк көліктерінің қозғалысы толастамай тұрғанын айтады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Оның ішінде, 1 237 километр республикалық, 1 756 шақырым облыстық және 1 383 километр аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.
Есен ӨТЕУЛІ,
Тараз қаласы