Жаңалықтар

Таразда ҚАЖД мекемесінде «Ашық есік күні» өтті

The final spritzer

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінде «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Аталған шара сотты болған азаматтар үшін ғана емес, олардың туған-туысы мен бала-шағасы үшін де ерекше күткен оқиға болды. Кездесу барысында мекемеде айрықша атмосфера орнап, жазасын өтеушілер отбасымен, оның ішінде ұл-қызымен қауышуға мүмкіндік алды. Осы себепті, арнайы контингент өкілдерінің туыстары дәл осылай жағдай жасаған мекеме басшылығына алғысын білдірді.

– Бас бостандығынан айырылған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеуде – олардың отбасымен тығыз қарым-қатынас орнатуы өте маңызды.  1 маусым – Балаларды қорғау күні қарсаңында аталған іс-шараны өткізудің өзіндік себебі бар. Ұл-қызымен сағыныса қауышқан сотталған азаматтар бостандыққа ертерек шығуды, түзелу жолына түсуді қалайды, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ бұл күні мекемеде келушілерге арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жеті өнерді бойына жинаған жазасын өтеушілер ет-жақындары үшін әннен шашу шашты.