Әдебиет

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

The final spritzer

Тараздық ұстаздар білімнен бөлек актерлік шеберлік бойынша бақ сынасты. Облыс әкімдігінің білім басқармасы оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиеті, көркем еңбек пәндері мұғалімдерінің қатысуымен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында облыстық топтық байқауы өтті. Жарысқа барлығы 250-ге жуық педагог қатысты.

Ақын мұрасын насихаттаған байқау «Өнерпаз болсаң, арқалан», «Көңілім әнді ұғады», «Қазақта қарасөзге дес бермедім», «Ұстаздық еткен жалықпас», «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», «Мен бір жұмбақ адаммын» атты 6 бағыт бойынша өтті.

Аталған топтық байқауда 7 педагогтен құралған 11 команда, барлығы 77 педагог өнер көрсетті. Педагогтердің өнерін облыстың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының абайтанушы ғалымдары, тәжірибелі педагогтер мен түрлі деңгейдегі кәсіби шығармашылық конкурстарының жеңімпаздарынан құрылған сараптау комиссиясы бағалады.

Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша Жамбыл ауданының «Сөз сәулесі» тобы бас жүлде, Тараз қаласының «Абай ұлағаты» тобы І дәрежелі, Талас ауданының «Парасат», Т.Рысқұлов ауданының «АбайLab» командалары ІІ дәрежелі, Қордай ауданының «Шыңдағы шынар», Меркі ауданының «Телғара тарландары», Байзақ ауданының «Дәуір данасы», Шу ауданының «Шабыт» командалары ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталса, Жуалы ауданының «Асыл мұра» командасы «Ізденімпаз топ», Сарысу ауданының «Хәкім үні» командасы «Шығармашыл топ», облыстық Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының «Көзімнің қарасы» командасы «Креативті топ» номинацияларына ие болды.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА