Таразда «ЭКО такси» қызметі іске қосылды

Енді тараздықтар «Эко такси» қызметін пайдалана алады. Электр қуатымен жүретін бұл таксилерді «яндекс такси» арқылы шақыруға болады. Айта кетейік, эко такси тек қала ішінде қызмет көрсетеді. Себебі электромобильдер толық қуатталумен шамамен 500 шақырымға дейін жүре алады.
«Эко такси» қызметінің ашылуына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, жаңа іске сәттілік тіледі. «ЮгайЮгТакси» жеке кәсіпкерлігі іске қосқан жоба аясында 1 миллиард 500 миллион теңгеге 100 электромобиль сатып алу жоспарланған.
Қазір 20 көлік Тараз қаласына жеткізілді, қалған көліктер алдағы уақытта жеткізілетін болады. «HONGQU E-QM 5» маркалы көліктер Қытай Халық Республикасында жасалған. Электрлі зарядтау станцияларын орнатуға жер телімі беріліп, «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген көмек көрсетілген.
Қамар ҚАРАСАЕВА