Қордай ауданында 144 отбасы баспаналы болды

Жамбыл облысы Қордай ауданында 144 отбасыға пәтер кілттері табысталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Салтанатты шараға аудан әкімі Бегзат Болатбеков қатысып, қоныс той иелерінің қуанышына ортақтасты.
Жаңа тұрғын үйлер Қордай ауылының «Шығыс» шағынауданында орналасқан. Барлық баспана екі бөлмелі, оның ішінде жатын және қонақ бөлмелері, сондай-ақ асхана мен әжетхана қарастырылған.
Салтанатты шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қоныс той иелерін құттықтап, бақыт пен шаттық тіледі.