Құқық

11 килограмнан астам марихуана сақтаған азамат сотталды

The final spritzer

Жамбыл облысында Т. Рысқұлов ауданының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сатып алғаны, сақтағаны және тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында ер адамның жеңіл жолмен ақша табу мақсатында кептірілген марихуананың 11 килограмнан астам мөлшерін сатпақ болғаны анықталды. Қылмыс Жамбыл көлік прокуратурасының үйлестіруімен ашылды. Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Ульфат ТОКТАЕВА,

Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры.