Жамбылда не жаңалық?

Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті

The final spritzer

Жамбыл облысында шығармашылық кәсіп иелерін біріктіретін маңызды диалог алаңы — Креаторлар форумының екінші күні табысты жалғасын тапты. Форум аясында креативті индустрия өкілдері мен сарапшылар өзара тәжірибе алмасып, саланың болашағына қатысты тың бастамаларды ортаға салды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Форум жұмысына Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, «Алматы қолөнер палатасы» ҚҚ вице-президенті Динара Жанашева, халықаралық дизайнер, Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің вице-президенті Айдархан Қалиев, сондай-ақ креативті кәсіпкерлік пен қолөнер саласының үздік өкілдері қатысты.

Форум шеңберінде креативті индустрияны дамыту бағытындағы ауқымды қадам — «Қолөнершілер үйі» креативті хабының ашылуы жүзеге асты. Бұл алаң өңірлік креаторлар мен шеберлердің кәсіби дамуына, коммерциялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жастармен тәжірибе бөлісуге жол ашады.

Креаторлар форумы — Жамбыл өңіріндегі шығармашылық әлеуетті біріктіретін, жаңа идеялар мен серіктестіктерге серпін беретін маңызды платформа.