Бүгін кезекті Үкімет отырысы өтеді

Бүгін, 27 мамыр күні, 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Күн тәртібінде өткен жылыту маусымының қорытындысы және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы қаралады.
Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына:
- ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев;
- ҚР энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов қатысады.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу 26 мамыр сағат 17:00-ге дейін жалғасады (press.kpm@mail.ru электронды адрес).
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.