Жамбылдықтардың еңбектері еленді

Өңірдің мәдениет саласын дамытуға қосқан үлестері үшін бірқатар қызметкерлер жоғары марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының артисі Майра Әлімбетова «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты және «Барыс» белгісімен кәсіби әнші Қаһарман Ілияс марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі Мадина Сағынбекова, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Еңбек ардагері» медалімен Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев марапатталса, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісіне Әл-Фараби атындағы мәдениет үйі «Шолпан» халық ән-би ансамблінің домбырашысы Панабек Ахметов, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының жарық беруші технигі Мұратбек Исаев ие болды.
Ал облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының бөлім меңгерушісі Жазира Қапарова Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасымен марапатталса, облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясының маманы Ләззат Райсованың еңбегі Мәдениет және ақпарат министрінің Алғыс хатымен бағаланыпты.
Облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің бас ғылыми қызметкері Жәкен Таймағамбетовке, Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ералы Ақымбекке, облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиеваға, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Жанна Алшынбаеваға берілді.
Сонымен қатар, облыс әкімінің 300 мың теңгелік сертификаты Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрсифат Салықоваға, Қазақстанның Халық артисі Мәкен Рахымжановаға, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Асқарбек Сейілханға, Әбиірбек Тінәліге, Жүніс Әлімбековке, Асылхан Шүңірековке, Ержан Ыдырысовқа, Бақыт Шағырбаевқа берілді.
Облыс әкімінің Құрмет грамотасына және 200 мың теңгелік сертификатына Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Анар Сағымбекова, облыстық орыс драма театрының артисі Марина Просоловна, облыстық халық шығармашылығы орталығының көркемдік
Меншік иесі:
Мәдениет саласына ерен еңбек сіңіріп жүрген барша азаматтарды марпаттарымен құттықтаймыз!
Есет ДОСАЛЫ