Әлеумет

Әлеуметтік дүкендердегі баға тұрақты

The final spritzer

«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамына қарасты әлеуметтік дүкендердің тұтынушыларына төмен бағада азық түліктер ұсынылуда. Аталған акционерлік қоғамның директоры Манас Беріковтің айтуынша, бүгінгі күні тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдері Тараз қаласы мен аудандардағы әлеуметтік дүкендерге үлкен супермаркеттер мен базардағы нарық бағаларына қарағанда анағұрлым арзан бағада жеткізілуде.