Әлеумет

ТЖМ қазақстандықтарға үндеу жасады

The final spritzer

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі балалардың терезеден құлау жағдайларына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Осыған орай ведомство өкілдері қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылы мезгіл басталғанда, сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысы кезінде жыл сайын осындай оқиғалар саны артады.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылы осындай 196 оқиға тіркелген.

Ведомство басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің барлық өңірінде профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Құтқарушылар, ата аналармен кездесу кезінде және балалар мекемелерінде рейдтер, профилактикалық іс-шаралар өткізеді.

Азаматтарды хабардар етуді арттыру үшін ақпараттық ресурстар белсенді түрде тартылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі барлық ата-ана мен балалардың заңды өкілін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Мәселен, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, москит торларына сенбеңіз, олар баланы ұстап қалмайды.

Терезелерге арнайы бекіткіштер мен блокаторлар орнатыңыз, бала терезе алдына шыға алмас үшін терезе маңындағы жиһаздарды алып тастаңыз.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП