Құқық

Жемқорлықты қалай жеңеміз?

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұйытқы болуымен қолға алынған «Заң және тәртіп» тұжырымдамасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, оның алдын алу, заң үстемдігі мен бұлтартпастығын қамтамасыз ету секілді мемлекет алдында тұрған басты міндеттер нақты айтылды. «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі елдің келешегі саналатын жеткіншектер алдында адалдық, ізгі қасиеттер, қазынаға қол сұғуға болмайтыны туралы үздіксіз айтып келеді.

Аталған қоғамдық бірлестік Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студент жастарымен «Жастарды құқықтық тәрбиелеу – сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымның негізі» тақырыбында келелі кездесу ұйымдастырды. Жиында «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев баяндама жасады.

Одан әрі Қасымхан Естемесұлы «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту бағытында облыстық прокуратура, полиция департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті, облыстық ардагерлер кеңесі кешенді шаралар өткізіп жүргеніне, облыс әкімі мен аталған қоғамдық бірлестік төрағасы арасында жемқорлыққа қарсы ынтымақтастық туралы келісім бар екеніне тоқталды. Мұнан соң университет ректоры, академик Махметғали Сарыбеков сөйледі.

Жиын барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров, Аmanat партиясы облыстық филиалы атқарушы хатшының орынбасары Уәлихан Болатбек, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев, аталған университеттің «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының белсендісі Жания Нұрболқызы, университеттің «Заң» факультетінің «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедрасының оқытушысы, отставкадағы полиция полковнигі Семейхан Сексенбаев, университеттің Комплаенс қызметінің офицері Орынқыз Жолдасова өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында Қасымхан Төлендиев университеттің басшылық, профессорлық құрамына, студенттерге, жиналған барша қонақтарға алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ