Білім

Бес елдің ішінде біздің оқушылар топ жарды

The final spritzer

Жақында Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғылыми жоба байқауы өткен болатын. Оған өз еліміздің оқушыларымен қатар, Ұлыбритания, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден барлығы 130 жас ізденушілер қатысты. Олар байқауда ғарыштық технологиялар саласындағы зерттеулерін қорғады. Бес елден келген оқушылардың арасында өз зерттеулерін сәтті қорғаған Тараз қаласындағы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының оқушылары топ жарды.

Ғылымға арналған айтулы додада жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымыз – Ерасыл Абдықадыр мен Арнұр Болатбек II орынды олжаласа, Алтынай Темірланқызы III орынның биігінен көрінді.

Зерттеу еңбегі ІІІ орынға бағаланған оқушының жетекшісі Арайлым Әбдіқадір да мектептің жүлде қорын арттыруға үлес қосқан оқушыларының жетістігін қайталау үшін мұғалімдер тарапынан қолдау арта түсетінін айтты.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА