Жаңалықтар

Жұмыспен қамту – басты мақсат

The final spritzer

Облысымызға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында кәсіпкерлікті қолдау әрі халықты жұмыспен қамту бойынша түрлі бағдарламалардың қатысушыларымен, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен және басқарма басшыларымен кездесіп, жаңа тиімді цифрлық платформалар жайлы баяндады.

Кездесуге модераторлық еткен облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» көрсеткіші бойынша облыста 12 534 жұмыс орнын құру жоспары бекітіліп, қазіргі уақытта 983 жұмыс орны құрылғандығын атап өтті. Сөз кезегін алған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов облыстағы атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау вице-министрі Асқар Сақтағанұлының өзі де сөз алды.

«Тиісті қаражаттың бөлінуіне атсалысамыз, сондықтан жазбаша түрде өтініш жолдаңыздар», – деген вице-министр инновациялық навигатор жобасымен және еңбекті нормалау платформасымен таныстырды.

Жаңа жобалар халыққа барынша тиімді. Ендігі мақсат – жобаға облыстағы колледждер мен жоғары оқу орындарын енгізу. Себебі жұмыс берушілер платформа арқылы шәкірттерді жұмысқа шақыра алады. Бұдан кейін вице министр инновациялық навигатор жобасына енген «Таразкожобувь» ЖШС-нің, «Запчасть» АҚ зауытының, қалалық мансап орталығының жұмысымен танысты. Одан соң «Тараз» футбол клубының басшылығымен кездесті.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА