Аймақ

Қызмет алушылар биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндеттеледі

The final spritzer

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет көрсету кезінде автокөлік иелері мен емтихан алушылардың жеке басын сәйкестендіретін биометриялық технологияны енгізді.

Бұған дейін арнайы ХҚКО-ларда жеке басын сәйкестендіруді келушілер ұсынған құжат негізінде қызметкерлер тікелей жүзеге асырған. Енді рәсімдеу процесінде тұлға суретке түсіріледі. Содан кейін жүйе алынған кескінді мобильді құрылғының экранынан жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында сақталған фотосымен автоматты түрде салыстырады.

Айта кетейік, егер келуші биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, жүйе қызмет көрсету мүмкіндігін бұғаттайды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді ХҚКО лардан бөлек электрондық үкімет порталы, сонымен қатар «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.

 

Нұрболат АМАНБЕК