Мәдениет

Алтынбек Қоразбаев атындағы халықаралық конкурстың жеңімпаздары анықталды

The final spritzer

Тараз қаласында өткен Қазақстан және Қырғыз Республикаларының Халық әртісі, әнші-композитор Алтынбек Қоразбаев атындағы «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «Баласағұн» орталық концерт залында ұйымдастырылған халықаралық байқауда Қырғызстан, Моңғолия, ҚХР-нан және еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалпы саны 20 үміткер бақ сынады.

Екі кезеңнен тұрған конкурсқа Тоқтар Серіков, Мейрамбек Беспаев, Ержан Ыдырысов сынды отандық эстрада жұлдыздары мен мәдениет майталмандары қазылық етті.

Гала-концертте жарияланған «Ән-жырым саған, туған ел!» атты IV Халықаралық әншілер конкурсының бас жүлдесі алматылық Медет Орынбаевқа бұйырды. Киелі Әулиеата топыраған әуезді әнмен бөлеген жеңімпазға арнайы статуэтка мен 1 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Ал, қалған жүлде қазылар алқасының ортақ шешімімен төмендегі тізім бойынша үлестірілді: 

І орын - статуэтка, 800 000 теңгенің сертификаты 
Ұлболсын Кенжебайқызы - Қытай Халық Республикасы;
 
ІІ орын – статуэтка, 700 000 теңгенің сертификаты
Қабдолов Мержан Ғизатоллаұлы - Атырау облысы;
 
ІІІ орын – статуэтка, 500 000 теңгенің сертификаты
Жомартов Асыл Жасөркенұлы – Түркістан облысы;
 
ІІІ орын – статуэтка, 500 000 теңгенің сертификаты
Алибекова Ақбөпе Кенжебекқызы – Астана қаласы;

Конкурстың І кезеңіне қатысып, белсенді өнер көрсеткендері үшін 10 өнерпазға Алғыс хаттар және 100 000 теңге ынталандыру сыйақысы берілді, олар:

1. Худайберген Ерасыл Ералыұлы - Шымкент қаласы
2. «Шабыт» вокалдық квартеті - Қостанай облысы
3. «Батыс Star» триосы - Батыс Қазақстан облысы
4. Қабдолла Мадина Сайлауқызы - Астана қаласы
5. Мұқатай Алмас Қизатұлы - Павлодар облысы
6. Бақытұлы Орынбасар  - Жамбыл облысы
7. Тоқтарова Зарина Жандосқызы - Астана қаласы
8. Акнамурадов Адлет Виталиевич - Жамбыл облысы
9. Ескермесов Аманжол Талғатұлы – Өзбекстан Республикасы
10. Абасбекова Аккыз Абасбековна – Қырғыз Республикасы
 
Сондай-ақ, 5 өнерпазға Дипломдар мен 200 000 теңге ынталандыру сыйақысы берілді, олар:
1. Мәжитов Талант Манатұлы - Шығыс Қазақстан облысы
2. Ермахан Багдаулет - Қостанай қаласы
3. Нуркуатова Луиза Нуркуатқызы - Ақтау қаласы
4. «Тұғыр» квартеті - Монголия Республикасы
5. Актаева Дамира  Актаевна - Қарағанды қаласы

Айта кетейік, К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы ұйымдастырып отырған бұл өнер додасының мақсаты — Алтынбек Қоразбаевтың бай мұрасын насихаттап, жас әншілердің шығармашылық деңгейін көтеру, отандық ән өнерінің дамуына үлес қосу және ұлттық әндерді халықаралық деңгейде таныту.