Темірден түйін түйген қайсар ана

Жұмысшы мамандықтары ішінде дәнекерлеушінің алар орны жоғары. Өйткені темірмен байланысты шаруаның бәрінде дәнекерлеуші жүреді. Жұмысы ауыр, табысы жоғары мамандықтың талабы да, жауапкершілігі де жеңіл емес. Ер азаматтардың өзі ойланып баратын жұмыста әйел затының жүруі, таңғаларлық жағдай. Дегенмен бүгінгі күні осы мамандыққа бет бұрған нәзікжандылар қатары артып келеді. Бұл салада сіңлілерінің көбейгенін Бақыткүл Бегалиева да қош көріп отыр.