Құқық

Түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті әшкереленді

The final spritzer

2025 жылғы 14 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №59 түзеу мекемесінде арнайы жедел-іздестіру шарасы өткізілді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Бұл іс-шара №59 мекеменің жедел-режимдік бөлім қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 5513 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, алдын ала алынған жедел ақпарат негізінде мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру ұйымдастырылды.

Шара барысында сотталған азамат А.-ға арналған сәлемдеме мұқият тексерілді. Ақтөбе қаласынан жолданған бандероль ішінен қолдан жасалған жасыл түсті шаруашылық сабын табылып, оны ашу кезінде айлакерлікпен жасырылған келесі тыйым салынған заттар анықталды:
    - 30 дана микро флеш-карта;
    - 5G форматындағы әртүрлі операторларға тиесілі 40 дана SIM-карта (Beeline – 10 дана, Tele2 – 10 дана, Kcell – 10 дана, Altel – 10 дана).

Аталған құқық бұзушылық дерегі тіркеліп, материалдар тиісті құқық қорғау органдарына, оның ішінде Жамбыл облыстық прокуратурасына жолданды.

Қазіргі уақытта сәлемдемені жолдаған азаматқа қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралуда.