Жаңалықтар

Арабтар Жамбыл облысында жел электр станциясы мен энергия жинақтау жүйесін салады

The final spritzer

Қазақстан мен БАӘ Жамбыл облысында «жасыл» энергетика саласындағы ірі жобаны іске асыруды бастайды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Энергетика минстрлігі таратқан ақпаратта Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында Жамбыл облысында қуаты 1 гигаватт болатын жел электр станциясы мен 300 мегаватттық энергия жинақтау жүйесін салу жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқыланғаны айтылған. 

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың айтуынша, жоба халықаралық Masdar компаниясымен бірлесіп іске асырылады және өңірдегі ең ірі жобалардың бірі болмақ. Электр станциясы жылына 3,4 миллиард киловатт-сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын 2 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Қуаты 300 мегаватт болатын энергия жинақтау жүйесі электр қуатына сұраныс жоғары кезеңдерде тұрақты энергиямен қамтамасыз етпек.