Қоғам

Мемлекет басшысы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

The final spritzer

Мемлекет басшысы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық майдангерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы іс-шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Айта кетейік, күні кеше Президент Астана қаласында өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парадқа қатысты.