Аймақ

Талайдан бері тазаланбаған қоқыс алаңдары алаңдатады

The final spritzer

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

Ең әуелі қала әкімінің кеңесшісі Нұрдос Сембек санитарлық тазалық пен абаттандыру бойынша бірқатар шағынауданда жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесіне тоқталды.

Бұдан кейін «Әулиеата» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Медет Нұрмаханов, «Жібек жолы» ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Данаев және қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев аудандарда 2025 жылы атқарылатын жұмыс жоспары мен Тараз қаласының 2026-2028 жылдарға арналған даму жоспары туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар жиында қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен қала бюджетінің болжамды орындалуы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілуі, мамыр айындағы мерекелерге дайындық, құрылыс саласындағы жұмыстар, сауда орындары автотұрақтарының заңнамаға сәйкес абаттандырылуы, «Қоңыртөбе» алабындағы 2 қабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту, тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері жан-жақты қаралды.

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі күн тәртібіне шығарылған әрбір мәселе бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.