Жаңалықтар

Тексеруші қолма-қол ақша алмауы тиіс

The final spritzer

Облыс әкімдігінде табиғи газды қолдану және автожол мен теміржолда қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері бойынша кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек төрағалық еткен жиында алғашқы мәселе бойынша «QAZAQGAZ AIMAQ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының директоры Бақтияр Көпбосынов баяндама жасады.

Бақтияр Бейсембайұлы кейінгі уақытта көміртегі тотығымен улануға байланысты санатсыз жағдайлардың өсу динамикасы байқалатынын айтты.

Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, Тараз қаласының тарату газ құбырлары мен құрылыстарының күзет аймақтарын тексеру кезінде 19 мекенжай бойынша бұзушылықтар анықталған.

Газдың ағып кетуіне және ықтимал салдарға байланысты төтенше жағдайдың туындауына жол бермеу мақсатында газ құбыры өтетін жер учаскесін берудің заңдылығын анықтау және газ құбырының күзет аймағын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау бойынша комиссия құру керектігін ескертті. Қайғылы жағдайға жеткізетін кемшіліктердің алдын алу жолдарын қарастыруды тапсырған облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек тұрғындардың тұтынған газға төлейтін ақысын жинаумен айналысатын компанияға қауіпсіздік шараларын қадағалауды да жүктеу керегін айтты.

Кеңесте автожолдағы қауіпсіздік мәселесін қарау да жоспарланған. Алайда «ҚазАвто жол» Жамбыл облыстық филиалынан қатысқан өкіл нақты сауалға жауап берерліктей баяндама әзірлемегендіктен, қаралмады. «Қазақстан темір жолы» Жүк тасымалы» ЖШС-нің Жамбыл бөлімшесі филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов теміржолшылардың атқарып жүрген іс-шараларына қарамастан, облыс көлеміндегі теміржол тораптарында пойыздың адам, мал қағып кету оқиғалары орын алып жатқанын айтты.

Тараз станциясының орталық мойынтығында, Құмшағал, Мыңарал станцияларында жаяу жүргіншілердің теміржолдан өтуі үшін аспалы көпірлер салу мәселесі және Шу станциясының Тоғай өткелінің жанынан, Түрксіб станциясының солтүстік мойынтығы өткелі жанынан екі денгейдегі автокөлік өткелдерін салу өте маңызды. Осы орайда туындаған мәселелерді реттеуге бағытталған ұсыныстарды тиісті мемлекеттік құрылымдармен карастырып, шешу керегі айтылды.

Жиынға қатысушылар қаралған мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажетті іс-шараларды уақытылы орындау және бақылау жұмыстары пысықталды.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА