Ел жаңалықтары

Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді

The final spritzer

Алматыда «Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу» тақырыбында екі күндік семинар өтті, деп хабарлайды aqjolgazet. kz

Жиында Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ақпараттық-талдау орталығы құжатты дайындауға арналған Жол картасын таныстырылды.

Жол картасында Іле-Балқаш бассейнінің жер үсті және жер асты су ресурстарының жай-күйі мен сапасын кешенді түрде зерттеу, Балқаш көлінің деңгейін бақылауға арналған цифрлық платформа құру, су нысандарын автоматтандыру және цифрландыру, сондай-ақ басым гидротехникалық құрылыстарды дамыту шаралары қарастырылған.

Бұдан бөлек, Іле-Балқаш бассейнінің су ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану бойынша шаралар, сондай-ақ ҚХР-мен бірлесіп су қорғау және тұрақты пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар әзірленген.

Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары Францияның Даму агенттігі (AFD), Францияның Геологиялық және тау-кен зерттеулер бюросы (BRGM) және қазақстандық мамандармен бірлесіп жүргізіледі. Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Алматыда өткен семинарды Су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды. Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысты.