Әлеумет

Отанға от ішінде жазылған хаттар

The final spritzer

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» атты танымдық сабақ өтті. Сабақ барысында музей қор сақтаушысы мұрағаттағы майданнан келген көптеген хаттармен жастарды таныстырды.

Соның ішінен Брест қамалының қорғанысында шайқасқан жерлесіміз Секералы Есжановтың анасына, әпкесіне жазған хаттарын оқысаңыз, көзіңізге жас алмай тұру мүмкін емес. Хат латын қарпімен жазылған. От ішінен келген әрбір хаттың жолдарынан соғыстың демі, ұрыс даласындағы қиыншылыққа толы күндер, солдаттың Жеңіске деген сенімділігі сезіледі.

Майдан шебінен жазылған үшбұрышты хаттар тылдағы жұрттың жігерін қайрап, бүкірейген белдерін жазуына септігін тигізгені күмәнсіз. Сонымен қатар «Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» атты кітаптың ішінде сержант Тоқтарбек Дүрімбетовтың «Анама хат» атты өлеңіне тоқталып кетсек, ақын өлеңінде анасына деген махаббатын, анасының одан күткен үмітін ақтайтынын, қанша қиналса да, жауға тойтарыс жасап, Отаны үшін бәріне дайын екені айтылған.

Ананың балаға деген махаббаты шексіз. Баланың анасына, Отанына деген махаббаты биік.

Музей қорында Тоқтарбек Дүрімбетовтың майдан кезіндегі құжаттары, сарғайған Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ суреттері сақталған.

Ата-бабасының өткеніне үңілмейтін адам болмайды. Біздің басты мақсатымыз – ата-бабамызбен келешек ұрпақ арасындағы сабақтастықты үзбей жалғап, олардың ерлігін, еліміздің тарихын насихаттау және ұлттың бірлігі мен мүддесін қорғай білетін жастар тәрбиелеу.

 

Альбина БАЙМАХАНОВА,

Меркі аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы