Қазақ елі - өз елім

Сырымыз бір, жырымыз бір
Қазақ халқы мәрт, жомарт деп айтамын,
Жомарттығын талай жылдар байқадым.
Достық деген қасиетті ұғыммен,
Ынтымаққа үмітімді артамын.
Әр ісінен байқалады кеңдігі,
Тәуелсіздік елдің алған теңдігі.
Жер жүзіне даңқы асқақтап Отаным,
Кең әлемге бола берсін белгілі.
Қазақ елі – менің елім, өз елім,
Өз елімнің ынтымағын сеземін.
Барша елге бақыт, шаттық тілеген,
Ұлыс оң боп, ұрпақ сүйген әжемін.
Достық жайлы ойланамын әр күні,
Ынтымақтың биік тұрар зор құны.
Отанымыз бейбіт болсын әрқашан,
Аман болсын ағайын-жұрт, барлығы!
Амина БЕРЕДЗЕ,
түрік ұлтының өкілі, зейнеткер. Байзақ ауданы