220 мыңнан астам құжат цифрландырылған

Мемлекеттік мұрағаттар халықтың тарихи жадын сақтауда және азаматтарға қажетті ақпарат беруде маңызды рөл атқарады. Бұл бағытта бүгінде өңірде 1 облыстық, 1 қалалық, 10 аудандық мемлекеттік архивтер халыққа қызмет көрсетуде. Мұрағат мекемелерінде 4642 қор мен құжаттардың бір миллионнан астам бірлігі сақталған. Оның ішінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында мұрағат материалдарының 220 мыңнан астамы цифрландырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық мемлекеттік архивінің директоры Ләззат Қожаханова атап өтті.