Әлеумет

Заң саласындағы жаңашылдық

The final spritzer

Елімізде жаңа инновациялық технологиялар соңғы жылдары табысты енгізілуде. Цифрландыру бағытындағы мұндай сәтті трансформацияның мысалдарын сан саладағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді және бизнес-процестерді оңтайлы шешуде, өмір сүру сапасын жақсартудағы жетістіктерден анық байқауға болады. Бұдан бөлек, цифрландыру басқару жүйесі мен заң саласына да айтарлықтай әсер етіп келеді.

Еліміздің заң саласындағы маңызды жетістіктің бірі – «Сот орындаушысы роботын» енгізілуі. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызға дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болатын. Енді бұл қызметті робот тегін-ақ атқарады. Жаңа жобаның нәтижесінде ел азаматтары 2 миллиард теңгеге жуық соманы үнемдей алады.

Жалпы, цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап елімізде бүгінгі күнге дейін 2,2 миллиард теңге сомасын құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалған. Осылайша, азаматтардың пайдасына үнемделген сома мөлшері 550 миллион теңгені құрады. Ал облысымызда 583 миллион теңгені құрайтын 27 421 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалып, 28 миллион теңге үнемделген.

Жақында Премьер министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Робот сот орындаушысының жұмысын жетілдіріп, IT-салада, бизнес процестерді реинжинирингте сарапшыларды тарта отырып, жасанды интеллект элементтерін цифрландыруды және енгізуді жалғастыру қажеттігін атап өткен болатын.

Бұдан өзге аймақта бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Облыс тұрғындары өткен жылы нотариусқа бармай ақ 2352 онлайн-сенімхатты, 757 онлайн-келісімді заңды түрде рәсімдеген.

 

Нұрболат АМАНБЕК.