Аймақ

Мереке күндері 200-ге жуық іс-шара өтеді

The final spritzer

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл, Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Облыс әкімдігінде аймақ басшысының орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен жиында мерейлі даталарға қатысты іс-шараларды өткізу тәртібі пысықталды.

Кеңесте облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Жанболат Нұрмолдаұлы жоспарланған іс-шараларды таныстырып өтті. Басқарма басшысының сөзінше, облыста 1 және 7-9 мамыр аралығында 200-ге жуық іс шаралар өткізілмек. Сондай-ақ жиында тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау дирекциясының директоры Сауран Қалиев өңірдегі Жеңіс күніне арналған ескерткіштердің жай күйін баяндады.

Бұдан бөлек кеңесте облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаев зерделеу нәтижесінде қоршалмаған және заңдастырылмаған қорымдар туралы айтып өтті. Жиын соңында Серік Сәлемов ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету мен кешенді іс шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру бойынша жауаптыларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Нұрболат АМАНБЕК