Ел жаңалықтары

1 маусымнан бастап Қазақстанға «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы қатынайды

The final spritzer

Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Әуе компания Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Айта кетейік, Көлік министрілігінің Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда.