Спорт және туризм

Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

The final spritzer

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

➤  Қазақстанда:

1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.

Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

➤  Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы:

✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін  қалыптастыру;

✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;

✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

➤  UEFA тарапынан қолдау

Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.