Экономика

Жел стансаларының болашағы жарқын

The final spritzer

«Жасыл» экономиканы дамыту мәселесі бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «Энергетиканы тиімді пайдалануға және басқа да ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды біртіндеп енгізу қажет. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс. Біз «жасыл» экономиканы дамыту мәселесімен мықтап айналысуымыз керек. Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшетіні сөзсіз», – деп атап өткен еді.

Бүгінгі күні Талас ауданында табиғат көзінен «жасыл» энергия өндіру жұмыстары талапқа сай жүргізіліп келеді. Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаровтың айтуынша, ауданда 13,5 мегаватты құрайтын үш жел электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Бүгінгі күні осы аумақта 2022 жылы құны 5487 миллион теңгені құрайтын 3 жоба жоспарланып, жүзеге асырылды. Әр жобаның құны 1829,1 миллион теңгеге айналды. Осылайша «Жасыл энкономика» бағдарламасы аясында іске қосылған «Новатекс», «Шеңгелді», «Шеңгелді-2» ЖШС өз жұмыстарын тиісті деңгейде атқарып келеді. Әр кәсіпорын сағатына 4,5 мегаватт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Қазір 5 кәсіпорында 21 адам қызмет атқаруда.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Талас ауданы