Экономика

Еңбек еткенге бақыт басын иеді

The final spritzer

Аймақтағы ірі құс етін тереңдете өңдеу фабрикасы Байзақ ауданында орналасқан. Ауданға қарасты Мырзатай ауылдық округінде 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Әулие – Ата Феникс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазір жұмысын жолға қойып үлгерген ірі өндіріс ошағының бірі. Серіктестік басшысы Аида Жүнісованың айтуынша, жоба құны 2065 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы тарапынан қолдау тауып, «ҚазАгрохолдинг» акционерлік қоғамы арқылы қаржыландырылыпты.