Аймақ

Акция аясында 150 ағаш көшеті отырғызылды

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде де жүйелі жұмыстар жалғасын табуда.

Осы мақсатта «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі қарсаңында облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамыр» саябағында жамбылдық жастар ағаш көшеттерін отырғызды. Қоршаған орта мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлықты насихаттауды мақсат тұтқан іс-шараға 200-ге жуық еріктілер мен «Жасыл-Ел» еңбек жасағының жастары қатысып, 150 ағаш көшеттері отырғызылды.

Сол себепті болашақ ұрпақтың дені сау болуын қаласақ, қазірден экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз керек. Мұны әр адам өзінен бастағаны жөн. Табиғатты қорғап, болашақ ұрпаққа қалдыру – біздің парызымыз. Сондықтан қоғам өміріне бейжай қарамайтын отандастарымыздың арқасында игі бастама өз жалғасын таба бермек, – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айбек Қадыралиев.

Бұдан кейін тазалық жұмыстары «Айша бибі» мен «Қарахан» кесенелерінің аумағында жалғасын тапты. Осы күні аталған аумақтарда жалпы саны 1000 тал көшеттерін отырғызу көзделген болатын. Еске сала кетейік, өңірімізде акция аясында жыл басынан бері 357 елді мекенде 350 шақырым канал, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазартылып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылған. Бұдан бөлек, 130 мыңға жуық жасыл желек отырғызылды.

 

Нұрболат АМАНБЕК