Жаңалықтар

Мал ұрлығы: малшы мен сақшының пікірі екі түрлі... кімдікі дұрыс?

The final spritzer

Қазақтың төрт түлік малсыз күні жоқ. Қазір ауылдағы жұрттың үміт күткені қорадағы аздаған малы. Бала-шағасының барлық қажетіне осы төрт түлік мал жарап тұр. Ал енді малды бағудың бейнеті өз алдына бір бөлек, қарапайым тұрғындардың адал малының ұрлануы азаймай тұр.

Талас ауданы, Аққұм ауылының азаматы Ілияс Отаров редакциямызға қоңырау шалып, мал ұрлығының тыйылмай тұрғанын, керісінше төрт түлігі қолды болғандар саны күннен күнге артып отырғанын айтты. Біз Таластағы мал ұрлығы туралы бұрын да жазғанбыз. Содан бері тірліктің беті бері қарамағаны ойға қалдырды.

Далбақовтың сөзін ауылдасы Ерлан Шопанбаев та растады.

«Ауыл тұрғындары бекерге шырылдай ма? Жемін, шөбін беріп бағып, әне-міне пайдама жаратамын деп отырған малы қолды болған соң күйініп айтады. Жоғалған малды іздеу үшін өзің көлік табасың. Полиция өкілі бірге жүреді. Сол жоғалған 20 бас жылқыны іздеймін деп жүргеніңде бір жылқының құнындай шығын кетеді. Оны да ойлап жатқан ешкім жоқ. Шығындалып іздегенде табылып жатқан мал тағы жоқ. Біздегі жағдай міне, осылай болып тұр. Жақында мал ұрлап жүрген үлкен қылмыстық топ құрықталды. Енді осы жағдайдан кейін мал ұрлығына тыйым бола ма деген үмітіміз бар», – дейді ол.

Біз осы орайда Талас аудандық полиция бөлімінің басшысы Еркен Абаевпен де тілдескен едік.

Оның да айтар уәжі бар.

Ал облыстық полиция департаментінің жауапты басқарма бастығы Мақсат Юсуповтың айтуынша, қылмыстың бұл түрі азайып келе жатқан көрінеді.

– Бірінші кезекте, облыс аумағында мал ұрлығының саны жылдан жылға кемуде. Мысалы, соңғы 3 жылда, статистикалық мәліметтерге сәйкес, мал ұрлық фактілері 2022 жылдан 2024 жылдың қорытындысымен 23,2 пайызға, ал қылмыстың ашылуы 52,6 пайыздан 68,8 пайызға жақсарды, яғни, бұрын қылмыстардың тек жартысы ашылса, қазіргі уақытта қылмыстардың 3/2 бөлігін ашуға қол жеткізіп отырмыз. Ағымдағы жылғы 3 айдың қорытындысы бойынша мал ұрлығының ашылуы 68,8 пайызды құрады. Ұрланған 146 бас малдың 96-ы, яғни Жеңісті жақындатқан әндер әуеледі Біз аталған шаңырақтан береке мен үлгі, өнеге, тұнық тәрбиені аңғардық. Былай Тараз қаласы Облыстық әкімдікте СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖЕДЕЛДЕТІЛУІ ТИІС 1 Жиында энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бүгінгі күнде өзекті мәселе болып отырғанын сөз еткен аймақ басшысы өңір халқы мен өндірістік кәсіпорындарды энергиямен тұрақты қамтамасыз ету, энергетика саласына инвестиция тарту назардан тыс қалмауы қажеттігін еске салды.

Бұдан бөлек жиында өртке қарсы маусымға дайындық бойынша қабылданып жатқан шаралар барысы қаралды. Бұл ретте облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ералы Ақылбеков саладағы жұмыстарға тоқталды. Кейбір аудандарда өрт сөндіру бекетін құру ісі баяу жүргізіліп жатқанын сынға алған аймақ басшысы жиын соңында тиісті жұмыстарды межелі уақытында аяқтау, ерікті өрт сөндірушілердің жағдайын тексеру және өзге де өзекті мәселелер бойынша жауаптыларға арнайы тапсырма берді.

Қарағанды облысы Приозерск қаласындағы мал базарларға шығу жолдарына тосқауыл жасалынады. Біздің облысымыздың географиялық орналасу ерекшелігіне байланысты айтып кеткен облыстармен қатар, біз Қырғызстан Республикасымен шекараласпыз. Бұл бағытта біздер Қырғызстандағы әріптестерімізбен, соның ішінде шекаралас жатқан Шу және Талас облыстарының ІІБ-мен өзара әрекеттесу туралы келісімшарт жасастық. Соңғы жұмыс кездесулері 2023 жылы Тараз қаласында және 2024 жылы Қырғызстан елінде ұйымдастырылып өткізіліп, мал ұрлығына қарсы бірлескен іс-шаралар қарастырылды.

Одан бөлек, Шекара қызметі департаментімен тығыз байланыста жұмыс жасалынады. Бірінші кезекте, бұл мал айдап өтуге мүмкіндік беретін, шекара бойындағы осал аймақтарға бақылау орнату, мал ұрлығымен айналысатын тұлғалар және олардың қылмыстық әрекеттері туралы ақпарат алысу және басқа маңызды іс-шаралар пысықталды. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен, ветеринария бөліністерімен бірлесіп, шалғайдағы шаруа қожалықтардың жай-күйін зерделеу бойынша 20 ақпан мен 31 наурыз аралығында «Қашар» атты арнайы профилактикалық іс-шарамызды өткіздік, – дейді ол.

Қарап отырсаңыз, полиция өкілдері тарапынан да жұмыс жүріп жатқанын аңғарамыз. Бұл жерде құқық қорғау органын біржола ақтап алудан аулақпыз. Олардың қызметкерлерінің ішінде де жұмысына жауапсыздары кездесуі мүмкін. Тұрғындар да бекерге шырылдамайды. Бірақ полиция өкілдері мал ұрлығының өрісте көп жасалатынын айтып отыр. Яғни, көбінесе қараусыз қалған мал қолды болады. Сырғасы жоқ малға жау көп. Оны танып, дәлелдеу қиын. Сондықтан мал егелері сырғалау мәселесіне де көп көңіл аударғаны жөн. Сонан соң жылқыны өріске айдап салу деген жауапсыздықтан арылуы керек. Жылқыны да қой баққандай қарау керек. Күн сайын қадағалап, жылқының кеткен бағыт-бағдарын біліп отыруы тиіс.

Қалай десек те алдырған албырт. «Құдай сақтанғанды сақтайды» деген сөз бар. Мұса Пайғамбар өзінің замандасына «Атыңды тұса, сосын Аллаға тапсыр» деген екен. Сөз соңында мал өсірушілерге айтарымыз, жауапкершілікті арттырған жөн. Екі шоқып, бір қараған кісінің малы жоғалмайтыны анық. Тағы бір ескеретін жайт – мал ұрлығы көп болатын Аққұм ауылына жауапкершілігі бар жеке учаскелік инспектор тағайындалатын уақыт жетті. Тұрғындардың жанайқайына да құлақ түріп, оң қабақпен қараған дұрыс.

 

Есет ДОСАЛЫ