Оқушы от жалынның ортасынан қос сәбиді аман алып шықты

Мектеп оқушысы Қыдырәлі Қыздарбектің екі сәбиді өрттен құтқарып қалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тез тарады. Ержүрек оқушы туралы жазбаны қолдап, пікір қалдырып жатқандар өте көп. Бұл шындығында да көптеген жастарға үлгі боларлық ізгі іс болды. Жүрек жұтқан Қыдырәлі Қыздарбекті облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қабылдап, Алғыс хатпен марапаттады. Жылы сөзін арнап, қолдау білдірді.