Құқық

ҚАЖ қызметкерлері үшін арнайы сабақ өткізілді

The final spritzer

Алғашқы медициналық көмек – бұл дәрігерлер келгенге дейін оқиға орнында зардап шеккен адамға көрсетілуі тиіс шаралар кешені.

Жуырда алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету мақсатында өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің жеке құрам қызметкерлері үшін арнайы сабақ ұйымдастырылды. Бұл күні облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты №5 емхананың дәрігері Амангелді Салықов ҚАЖ қызметкерлеріне алғашқы көмектің негізгі шаралары туралы кеңінен айтты.

Ол өз сөзінде оқыс оқиғаның куәгері болған жағдайда ең әуелі әрбір секундтың бағалы екенін түсіну – аса маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, маман асығыстыққа салынып, абдырап қалудан сақтану қажеттігін де ескертіп, тез әрі оңды шешім қабылдай білу керектігіне тоқталды. 

Жалпы, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетудің басты ережесі – зардап шегушіге, өзіне және айналасындағыларға зиян келтірмеу. Оның міндеті – жарақаттың, қан кетудің, инфекциялардың және шоктың қауіпті салдарының алдын алу. Бастысы, алғашқы көмек көрсетудегі алгоритмді сақтау мен зардап шегушінің жағдайын бақылауды ұмытпаған жөн.