Аймақ

Киелі мекен аумағы тазартылды

The final spritzer

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткен жылдың сәуір айынан бастап «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы қолға алынды. Іс-шара елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Бүгінгі таңда аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.

Айта кетейік, кеше осынау акциясы аясында экологиялық шаралар марафоны бастау алды. Тазалық шарасынан әулиеаталықтар да тыс қалған жоқ. Бұл күні «Айша бибі» кесенесінің аумағы тазартылды. Оған облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, ауыл қариялары мен 100-ге жуық жас қатысты. Марафон барысында киелі орынның аумағы толығымен күл-қоқыстан тазартылып, көшеттер отырғызылды.

Экологиялық шарада облыс әкімінің орынбасары Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан акцияның маңызы жоғары екенін атап өтіп, оған жамбылдықтар да белсене атсалысып жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, акция аясында жыл басынан бері 350 шақырым каналдар мен арық жүйелері, 48 мың тұрғын үй аулалары мен 1,3 мың шақырым көшелер тазаланып, 2,8 мың тонна қоқыс шығарылды. Ал, биыл егілетін 195 мың талдың бүгінге 128 мыңға жуығы отырғызылып, 2,4 мың ағаш санитарлық мақсатта бұталды.

 

Есен ӨТЕУЛІ