Батыс Қазақстанда жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты

Батыс Қазақстан облысына қарасты Бәйтерек ауданында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 2008 және 2010 жылғы екі оқушы бақилық болды, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған қайғылы оқиғаның мән-жайы туралы ресми мәлімдеді.
Оқиға 21 сәуір күні сағат шамамен 11.00-де Бәйтерек ауданы аумағында Переметный-Белес жолында орын алған. Арнайы Jac N56 ауыр техникасы мен «ВАЗ-2110» көліктері соқтығысқан.