ҚазҰУ-да Абай әндерін 1000 адам хормен орындады

ҚазҰУ-да Абай әндерін 1000 адам хормен орындады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 1000 адам «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен орындады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Абай мұрасын зерттеу және насихаттау баршаға ортақ міндет екенін жеткізді. Сондай-ақ өз сөзінде ректор қазіргі таңда жастардың Абайға, оның бай мұрасы мен даналығына деген қызығушылығының жылдан-жылға артып келе жатқанына тоқталды.