Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары басталды

Егін алқаптарын зиянкестерден қорғау басты талап. Күннің қызуымен бірге зиянкестердің де көбейетіні белгілі. Осыған орай облысымызда зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары Жамбыл мен Байзақ аудандарында басталып кетті. Кеше Жамбыл ауданында жалпы саны 31 арнайы техниканың дайындығы пысықталды.
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Нұрби Жігітековтың айтуынша, биыл республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының болжамына сәйкес 107,6 мың гектар алқапқа химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Сонымен шегірткелердің ең көп таралуы байқалатын жерлерде жұмыстарды тиімді ұйымдастыру мақсатында жедел штабтар құрылған.
Марат ҚҰЛИБАЕВ