Ел бірлігі - бәрінен маңызды

Биыл – тұрақтылық пен бейбітшіліктің жаршысы атанған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай, «Достық» үйінде өңірге жұмыс сапарымен келген Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың қатысуымен кеңейтілген кеңес отырысы өтті.
Ассамблея мүшелері мен қоғам белсенділерінің және үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басын қосқан жиын барысында аймақ басшысы Ербол Шырақпайұлы ең әуелі облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Қазақстан халқы Ассамблеясы елдегі татулық пен тұрақтылықтың кепілі болып келе жатқанын атап өтті.
Мұнан соң, Мәлік Нұржанұлы жиналғандарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтады. Ол өз сөзінде бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құн дылығы екенін жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстан халқы Ас самблеясы біртұтас ұлттық идеология ны сеніммен әрі жүйелі жүзеге асырып келеді.
Сондай-ақ, жиында «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева мен облыстық мәслихаттың депутаты, «Жомарт жан» орталығының төрағасы Жалил Аббосов сөз сөйлеп, бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталды. Соңында бірқатар азаматтарға «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» медалі табыс етілді.
Есен ӨТЕУЛІ