Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт Шуда жұмысын бастады

Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту бойынша тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдау бойынша кешенді жұмыстар жүзеге асуда. Сондай жоспарлы жобалардың бірі – Шу ауданындағы «Жібек жолы» арнайы экономикалық аймағының аумағындағы металлургиялық зауыт. Кәсіпорын құрылысының басталу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты. Аймақ басшысы аталған жоба – мемлекет пен бизнес арасындағы табысты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі әрі тұрақты өсудің символы екенін жеткізді. Оның айтуынша, зауытты іске қосу – сабақтас салалардың дамуына берік негіз қалап, өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.