Қоғам

Жазасын өтеушілерге негізгі құқықтары мен міндеттері түсіндірілді

The final spritzer

Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті – жазаларды өтеудің тәртібі мен жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу құралдарын анықтау, олардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғау және оларға әлеуметтік бейімделуде көмек көрсету болып табылады.

Осыған орай, бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесі тәрбие бөлімінің қызметкерлері осындағы жазасын өтеуші азаматтарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару Кодексінің 10,11 және 104 түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, аталған баптарда сотталғандардың негізгі құқықтары мен міндеттері айқындалған.