Жаңалықтар

Президент кеңесшісі жамбылдық тәртіп сақшыларымен жүздесті

The final spritzer

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, облыстық полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев, ішкі істер жүйесінің қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Келелі кездесуде Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыру жайы талқыға түсті.

Сонымен қатар басқосуда сөз алған ішкі істер саласының ардагері Тұрдалы Шералин Мемлекет басшысы құрылтайда «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз» екенін тағы да еске салғанын, әсіресе, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді міндеттегенін айтты.

 Бұдан бөлек, ПД бастығының орынбасары баяндама жасап, өңірде заңсыздыққа қарсы күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  Оның сөзінше,  соңғы жылдары облыста интернет арқылы алдап-арбау жиілеген. Нәтижесінде қылмыстың алдын алу бағытында аймақта кешенді шаралар іске асырылып жатыр.

Кездесуде сала ардагерлері мен полиция қызметкерлері патриоттық, әділеттік пен сабақтастық тақырыбында пікір алмасып, ой бөлісті.