Әлеумет

Өртке қауіпті маусым басталды

The final spritzer

Биыл өртке қауіпті маусым еліміздің оңтүстіктегі жеті өңірінде – Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облыстарында 26 наурыздан, ал қалған өңірлерде 14 сәуірден басталды.

Өртке қауіпті кезеңге дайындық шеңберінде Төтенше жағдайлар министрлігі Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп «Өрт қауіпті маусымда орман және дала өрттерінің туындау тәуекелдерін азайту жөніндегі іс-шаралар» жоспарын әзірледі. Осыған орай өңірлердің өртке қауіпті кезеңнен қауіпсіз өтуіне бағытталған алдын алу іс-шаралары басталды. Алдағы күндері ауа температурасының жоғарылауы және құрғақ шөптердің көп мөлшері табиғи өрттердің пайда болуы мен таралу қаупін арттырады.

Сондықтан тұрғындар көктемгі сенбіліктерді өткізу, үй маңындағы аумақтарды, бақша және саяжай учаскелерін тазарту кезінде ерекше сақ болғандары жөн. Сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, өздігінен жанатын заттарды тастауға болмайды. Сонымен қатар, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері мен отпен ойнаудың қауіптілігі туралы айтып отырған дұрыс.

Осыған байланысты ТЖМ азаматтарды ашық отты пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Егер өрт белгілері анықталса, «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарлау керек.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП