Ар-ұят, ізгілік пен қанағат – басты ұстаным болуы тиіс

Әулиеата өңіріне арнайы іссапармен келген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев руханият, мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен кездесті. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен жиын барысында осынау әлеуметтік салаларға қатысты бірқатар мәселелер сараланып, ұтымды ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Басқосуды ашқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кездесудің басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында көтерген бастамаларын түсіндіру екенін атап өтті. Аймақ басшысы өз сөзінде Президент туризм саласын дамытуға айрықша көңіл бөлгенін айтып, былтыр біздің өңірге келген туристер саны – 27 пайызға артқанын жеткізді.